Open_Turkistan

Open_Turkistan Туристский информационный центр г. Туркестан

Құрметті қазақстандықтар! 🇰🇿Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке – елдігіміздің символы, еркіндігімізд...
25/10/2024

Құрметті қазақстандықтар!

🇰🇿Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – елдігіміздің символы, еркіндігіміздің бастауы. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арта берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!

#республикакүні

ТҮРКІСТАН! 🕌Біз барлығымыз осы сәтті көптен күттік және қуана хабарлаймыз:Осы жылдың ең керемет музыкалық іс-шараларының...
24/10/2024

ТҮРКІСТАН! 🕌

Біз барлығымыз осы сәтті көптен күттік және қуана хабарлаймыз:

Осы жылдың ең керемет музыкалық іс-шараларының бірі — «TURKESTAN JINALIKE FEST»-ке қосылыңыз!

Фестиваль 2024 жылдың 30 қарашада «Түркістан Арена» стадионында өтеді!

Сахнада сіздерді керемет әртістердің өнер көрсетуі күтеді:

Puza, Beckth & Tibo, Yenlik, Zaq, De Lacurе және фестивальдің хедлайнері - «Шоу Ирины Кайратовны».

Билеттерді сатып алу: kazbilet.kz
Sxodim.kz
Zakazbiletov.kz
jinalike.kz



ТУРКЕСТАН! 🕌

Мы все очень долго ждали этого момента и с радостью сообщаем:

Присоединяйтесь к одному из самых ярких музыкальных событий этого года — «TURKESTAN JINALIKE FEST»!

Фестиваль пройдет 30 ноября 2024 года на стадионе «Туркестан Арена».

На сцене вас ждут выступления крутых артистов:

Puza, Beckth & Tibo, Yenlik, Zaq, De Lacure, а так же хедлайнер фестиваля - «Шоу Ирины Кайратовны»

Покупка билетов на сайтах: kazbilet.kz
Sxodim.kz
Zakazbiletov.kz
jinalike.kz

Гастроли “Астана балет” в Туркестане! Впервые в Туркестане прозвучит французская и казахская музыкальная классика в испо...
16/10/2024

Гастроли “Астана балет” в Туркестане!

Впервые в Туркестане прозвучит французская и казахская музыкальная классика в исполнении симфонического оркестра театра «Астана Балет».
​В концерт «Gala Symphony» включены произведения Поля Дюка, Камиля Сен-Санса, Мориса Равеля, а также Адиля Бестыбаева и Тлеса Кажгалиева. В концерте прозвучат сочинения, созданные гениями. Эта музыка возвышается над своей эпохой, она живая и гармоничная, и поэтому она вне времени. Величественная и прекрасная, она впитала в себя духовное наследие французской и казахской музыкальной культуры. Отражая культурные традиции и обычаи разных народов, музыка в то же время – универсальный, общечеловеческий язык человечества. Всем слушателям концерт симфонического оркестра театра «Астана Балет» подарит вдохновение и незабываемые эмоции.

​Концерт симфонического оркестра театра «Астана Балет» состоится в Туркестанском музыкально-драматическом театре.

8 ноября | 19:00
9 ноября | 18:00
Билеты: astanaballet.com

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!Сіздерді Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестив...
03/10/2024

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Сіздерді Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында 4-5 қазан күндері өтетін Отырар ауданының мәдени күндеріне шақырамыз!
 
4 қазан күні, сағат 10:30-да «Киелі Отырардан – қасиетті Түркістанға» рухани керуен көші Түркістан қаласына келеді
– сағат 11:00-де Этноауылда «Отырар – өнерлі орда» атты Отырар өнерпаздарының концерттік бағдарламасы басталса, «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» тақырыбындағы қолөнер шеберлерінің көрмесі мен «Сырлы бояулар сыр шертеді» атты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалай аласыздар. Көшпенділер мәдениетімен танысып, қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрпы көріністеріне куә боласыздар.

– сағат 12:30-дан бастап «Ұлы дала дәстүрі» айдарымен халқымыздың салт-дәстүрінен көріністер қойылып, ауыл шаруашылығы өнімдері мен аудан тарихынан сыр шертетін көрме назарларыңызға ұсынылады.

– сағат 15:00-де «Алтыбақан» жастар ойын-сауығы өтеді.

Ал кешкі сағат 18:00-де «Керуен сарай» кешенінде республикамызға белгілі өнерпаздардың қатысуымен «Өнерлі өлке – Түркістан» атты аудан өнерпаздарының гала концерті өтеді. Кеш қонақтары – сатира сардарлары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен айтыс ақтаңгері Анар Жаппарқұлова және ән өнерінің жұлдыздары Хадиша Шалабаева, Берік Сексенбек, Ермахан Әшіров. Кешті белгілі журналист Қайырхан Мәулен мен Гүлімқұлжа Сейтқазы жүргізеді.
 
5 қазан күні сағат 10:00-ден бастап Этноауылда қолөнер бұйымдары мен сурет көрмелері, 11:00-де көше театры қойылымдары көпшілік назарына ұсынылады. «Ұлттық ойын – ұлттың игілігі» айдарымен ұлттық спорт ойындары түрлерінен сайыс өтіп, жеңімпаздар марапатталады.
Осынау шарада өнерпаздардың өнері мен ұлттық құндылықтарымызды жаңғыруына куә болып, рухани сусындап қайтуға шақырамыз.

Келіңіздер, көріңіздер!

Назарларыңызға ҚАЗАН айының репертуарын ұсынамыз!⚜️ ВАЛЬС КОРОЛІ - Премьера! 🔥4,5,6,7 қазанжанры: музыкалық драма⚜️ КЕЛІ...
30/09/2024

Назарларыңызға ҚАЗАН айының репертуарын ұсынамыз!

⚜️ ВАЛЬС КОРОЛІ - Премьера! 🔥
4,5,6,7 қазан
жанры: музыкалық драма

⚜️ КЕЛІНДЕР КӨТЕРІЛІСІ
20-21 қазан
жанры: музыкалық комедия

⚜️ МАХАББАТ МҰНАРАСЫ
27-28 қазан
жанры: психологиялық драма

Келіңіздер! Көріңіздер!

⏱️Басталуы: 19:00
🎟️Билеттер ticketon.kz сайтында және театр кассасында
📞Касса номері: + 7 707 145 17 17

Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары!Сіздерді 2-3 қазан күндері «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы...
30/09/2024

Құрметті қала қонақтары мен тұрғындары!

Сіздерді 2-3 қазан күндері «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы ауданының мәдениет күндерінің бағдарламасын тамашалауға шақырамыз!

2 қазан күні Этноауыл аумағында 11:00-ден бастап:

– «Темірлан» халық театры мен «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер Үлгілі театрының көше театрларының қойылымы;
– «Ордабасы тартулары» ұлттық тағамдар көрмесі;
– «Ордабасы ұлы – мұра» ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар көріністері;
– «Ордабасы – ұлы мекен» суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері;
– Аудандық «Өнер мектебінің» концерттік бағдарламасы;
– «Асыл әжелер» халықтық ансамблінің концерттік бағдарламасы.

3 қазан күні Этноауылда 11:00-ден бастап:

– Кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық көрмесі;
– «Темірлан» халық театры мен «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер Үлгілі театрының Алтыбақан маңында «Ақ сүйек» театрландырылған қойылымы;
– «Ордабасы» фольклорлық халық ансамблінің концерттік бағдарламасы;
– Ұлттық ойындар – арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу т.б

Кешкісін «Керуен сарай» туристік кешенінде 19:00-21:00 аралығында көркем өнерпаздар мен танымал өнер шеберлерінің қатысуымен «Ордабасы – құт мекенім» гала-концерті.

Келіңіздер, көріңіздер!

Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! 8 қазан күні сағат 19:00-де «Фараб» кітапханасының концерттік залында «Түркіста...
27/09/2024

Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары!
8 қазан күні сағат 19:00-де «Фараб» кітапханасының концерттік залында «Түркістан Аруы - 2024» сұлулық байқауының финалы өтеді.

Биыл сайыс 4-рет өткізілмек. Отырар, Төле би, Түлкібас аудандары және Түркістан қаласынан 9 ару финалда өздерін таныстырып, шығармашылық турда өнерлерімен сынға түседі және кешкі көйлекпен сахнаға шығады. Сондай-ақ, аталған бағдарламада белгілі әншілер өнер көрсетіп, отандық және өңірлік дизайнерлер өз коллекцияларын көрсететін болады.

Финалға дейінгі дайындықта финалисттер Іскер әйелдер қауымдыстығымен бірігіп, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалысты. Сонымен қатар, жергілікті «TURAN» футбол клубының матчына қатысып, белгілі тренердің денсаулық және фитнес жайлы лекция тыңдаушылары болды. Фотосессия нәтижесінде шыққан фотоларға дауыс беру 1 қазан күні ресми инстаграм парақшасында (.turkistan) басталады.

Жеңімпаздар сайыс серіктестерінің бағалы сыйлықтарына ие болып, ұлттық сұлулық байқауы – «Қазақстан аруы-2024» байқауына жолдама алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті✔️Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Яса...
27/09/2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

✔️Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

✔️Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.

t.me/aqorda_resmi

Дүниежүзілік туризм күнімен! ✈️
27/09/2024

Дүниежүзілік туризм күнімен! ✈️

📌 Turkistan, Kazakhstan 📷
26/09/2024

📌 Turkistan, Kazakhstan

📷

Туристер үшін ақпараттық орталық қызмет көрсетуде. Түркістан халықаралық әуежайында орналасқан орталықта бірнеше тілде а...
26/09/2024

Туристер үшін ақпараттық орталық қызмет көрсетуде.

Түркістан халықаралық әуежайында орналасқан орталықта бірнеше тілде ақпарат алып қана қоймай, өңірдің ерекшелігін білдіретін естелік сый-сияпаттарды да алуыңызға болады.

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкім...
24/09/2024

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрдәулет Медеуов Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов таныстырды.

Медеуов Нұрдәулет Данабайұлы 1988 жылы 21 қыркүйекте Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Туризм» және Шымкент қаласы Шымкент университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Түркия Республикасы, Анталия қаласындағы Ақтеңіз университеті «Туризм және қонақ үй бизнесінің» магистрі. «Туризм саласының үздігі» төсбелгісі және «Үздік өңірлік бизнес-тренер» номинацияларымен марапатталған.

Еңбек жолы:

2013-2015 жылдары «Оңтүстік Қазақстан облысы туризмді дамыту ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің директор міндетін атқарушы;
2016-2017 жылдары Астана қаласының білім басқармасы «Жас саяхатшылар станциясы» мемлекеттік мекемесінің туризм нұсқаушысы;
2017 жылы Астана қаласының білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК-нің туризм нұсқаушысы;
2019 жылы Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары;
2019-2020 жылдары Түркістан облысы туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары;
2020 жылы Түркістан облысы туризм басқармасы Туризмді дамыту бөлімінің бас маман м.у.а.;
2020 жылы Түркістан облысы туризм басқармасының Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің бас маман м.у.а.;
2020-2021 жылдары Түркістан облысы туризм басқармасының Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы;
2021-2024 жылдары Түркістан облысы туризм басқармасының Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы;
2023 жылы Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы;
2024 жылы Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

Address

Административно-деловой центр, Дом управлений, 3 этаж
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Open_Turkistan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Open_Turkistan:

Share

Category