10/07/2019
📖Ертегілер - халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы.
⠀
✒Талай тарланның тұлға болып қалыптасуында қисса, жыр-дастандар мен ертегілердің, олардың сюжеттері мен кейіпкерлерінің рөлі орасан зор! Ертегі оқыған бала вундеркинд деген екен бір ғалым. Шынымен қазіргі заманауи жаңалықтардың ашылуының бастауында ертегілер тұр. Халық өмірінің тынысынан, тұрмыс-тіршілігі мен салт-санасынан, әдет-ғұрпынан хабардар ететін тағы да ертегі. Бір сөзбен айтқанда қазіргі ХХІ ғасыр балаларына ең қажетті тәрбие құралы смартфон емес дәл осы ертегі. Бәз біреулер ертегіні еріккеннің уақыт өлтірер шатпағы деп біледі. Алайда бұл қате пікір. Себебі ертегінің өн бойында болып жатқан оқиғалар мен кейіпкерлердің керемет таңдай қақтырар істеріне моральдық танымда сұрақ қоюынан осындай пікірге ұрынады. Керісінше ертегілерге онтологиялық танымда "Бұл ертегіде қандай Мән бар?, Өзіме бұл ертегіден қандай пайда аламын?, Қандай даналық астарында жасырылған?",- деп сұрақ қояр болсақ ертегілер көмулі жатқан қазынасын өзі-ақ ақтарып салады. Сондықтан халайық ұл-қызымыздың АДАМ болып қалыптасқанын қаласақ, өмірден адаспай өз орнын тапқанын тілесек - ертегі оқыталық. Ертегі тыңдамаған қазақ кемде кем шығар. Бауыржан Момышұлының үш қорқынышының бірі - немересіне ертегі айтып бере алмаған ата-әже еді.
⠀
✒Жуырда (шамамен 1 апта ішінде) .otbasy "Отбасы хрестоматиясының тағы бір туындысы "Әділ патша" түрлі-түсті, қазақы нақыштағы ертегі кітабы жарық көрмек. Аталмыш еңбектің іні-қарындастарымыз бен бала-немерелерімізге берер пайдасы зор. Жақсы дүниеден қапы қалмаңыздар!
⠀
#ертегі #әділпатша