Ішкі Саясат Баскармасы Ақмола

Call Directions Website

Ішкі Саясат Баскармасы Ақмола Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

13/09/2026

Еліміздегі ең мейірімді мереке — *Отбасы күні* құтты болсын!
Отбасы — сүйіспеншіліктің, сенімнің және қамқорлықтың бастауы.
Берік отбасы — мықты мемлекеттің негізі.
Әр шаңыраққа бақыт, береке, түсіністік және амандық тілеймін!
*Отбасы күні құтты болсын!*

13/09/2026

Еліміздегі ең мейірімді мереке — *Отбасы күні* құтты болсын!
Отбасы — сүйіспеншіліктің, сенімнің және қамқорлықтың бастауы.
Берік отбасы — мықты мемлекеттің негізі.
Әр шаңыраққа бақыт, береке, түсіністік және амандық тілейміз!
Отбасы күні құтты болсын!

09/09/2026
09/09/2026
9 қыркүйек – «Саналы ата-ана болу»Бұл күні саналы және жауапты ата-аналық қағидаттарды, балалардың эмоционалдық әл-ауқат...
09/09/2026

9 қыркүйек – «Саналы ата-ана болу»
Бұл күні саналы және жауапты ата-аналық қағидаттарды, балалардың эмоционалдық әл-ауқатын, ата-аналардың ортақ жауапкершілігін және әкенің бала тәрбиесіне белсенді қатысуын насихаттайтын іс-шараларға басымдық беріледі.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған психологиялық қолдау орталықтарының, мектептер мен колледждердің базасында ата-аналарға арналған бірқатар курстар ұйымдастырылады. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы тұжырымдамасына сәйкес ата-аналармен консультативтік және ағартушылық жұмыстарды қамтамасыз ететін Ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету орталықтарының қызметі көзделеді.
«Әке мен бала: қатысу, қамқорлық және бірге болу» атты ақпараттық науқан өткізу ұсынылады. Науқан әкенің бала тәрбиесіне белсенді қатысуын және ата-аналардың бала тәрбиесіне тең жауапкершілігін насихаттауға бағытталады.
Науқан аясында әкенің баланың күнделікті өміріндегі рөлі туралы ақпарат беру ұсынылады: тәрбие процесіне қатысу, балабақша мен мектепке баруына қолдау көрсету, медициналық мәселелеріне көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, эмоционалдық қолдау көрсету және балаға қатысты шешімдер қабылдауға қатысу.

🔵Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды📌Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған ...
08/09/2026

🔵Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

📌Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық челленджі өтеді.

🔵В Казахстане стартовала Неделя ко Дню семьи

📌В Казахстане стартовала Неделя семьи, которая продлится с 7 по 13 сентября. Она приурочена ко Дню семьи, отмечаемому в республике ежегодно во второе воскресенье сентября.

Сіздерді 19 тамыз күні Көкшетау қаласында өтетін «Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі» тренингіне шақырамыз!Сіздерді па...
18/08/2026

Сіздерді 19 тамыз күні Көкшетау қаласында өтетін «Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі» тренингіне шақырамыз!

Сіздерді пайдалы практикалық құралдар, еркін пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және жеке әрі кәсіби дамуға бағытталған жаңа идеялар күтеді.

Спикерлер:

Мұхамедрахимова Анаргүл — қоғам белсендісі, кәсіпкер, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Асыл Аналар» ҚБ құрылтайшысы.

Ильясова Динара Серікқызы — тренер, кәсіби бағдар беруші, FounderSchool жасөспірімдер көшбасшылық мектебінің жетекшісі.

Күні: 2026 жылғы 19 тамыз
Уақыты: 10:00–16:00
Өтетін орны: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Көкшетау қаласы.

2GIS: https://2gis.kz/kokshetau/geo/70000001033564235

Сіздерді тренингте асыға күтеміз!
19 тамызда кездескенше!

Анықтама телефоны: +7 708 297 08 79.

Address

Сәтпаев көшесі 1 "Б" ғимараты
Kokshetau
020000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

87162722004

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ішкі Саясат Баскармасы Ақмола posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share