21/09/2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Қостанай мен Көкшетауда ҚТЖ астық штабының көшпелі отырыстары өтті. Оларға жүк жөнелтушілер, трейдерлер мен экспорттаушылар, «Астық Транс» АҚ, әкімдіктердің, көлік прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық қызметтерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар тиеу көлемін, экспорттық маршруттарды, вагондардың болуын және жаңа егін астығын шығаруды ұйымдастыруды талқылады.
2026 жылғы қаңтар – тамызда ҚТЖ желісі бойынша 9,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% артық. Экспорт 14%, яғни 7,2 млн тоннаға дейін, республикаішілік тасымалдар 8%, яғни 2,1 млн тоннаға дейін өсті. Тамыз айында рекордтық айлық көлемі – 1,2 млн тонна болып белгіленді, бұл 2025 жылғы тамыздан 35% артық.
Ақмола облысы биылғы егінді тиеу көлемі бойынша көш бастап тұр. Тамыз айы басынан бері мұнда 520 мың тоннаға жуық астық жөнелтілді. Бұл осы кезеңдегі ел бойынша жалпы тиеу көлемінің 31% немесе1,7 млн тонна.
Ақмола облысынан 409 мың тонна астық экспортқа, 111 мың тоннасы республикаішілік қатынаста жөнелтілді. Осылайша, жөнелтілген астықтың шамамен 79% сыртқы нарықтарға бағытталды.
Астық маусымы басталғаннан бері облыстан 80 жуық маршруттық құрам жөнелтілді. Маршруттық жөнелту техникалық станцияларда қайта өңдеусіз межелі станцияға дейін жүру арқылы астықтың жүру уақытын қысқартуға және осылайша келесі тиеу үшін вагондарды тезірек босатуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы да еліміздің ірі астық өңірлерінің қатарына кіреді. Сегіз айдың ішінде мұнда 1,8 млн тоннадан астам астық тиелген. Экспортқа 1,4 млн тоннадан астам, республикаішілік қатынаста 405,5 мың тонна жөнелтілді.
Негізгі экспорттық бағыт Өзбекстан болып қала береді – ол жаққа 606,4 мың тонна немесе облыстан астық экспортының 43% жөнелтілді. Ресейге 169,6 мың тонна, Ауғанстанға – 135,6 мың тонна, Тәжікстанға – 133,5 мың тонна, Қытайға – 84,1 мың тонна жөнелтілді. Сондай-ақ Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларусь, Латвия, Эстония және Түркіменстанға жеткізілді.
ҚТЖ биылғы егінді тасымалдауға дайын. Желіге 16 мыңға жуық астық тасымалдаушы, 17,8 мыңнан астам жабық вагон және 1 710 локомотив тартылды. Жыл басынан бері парк 169 локомотивпен толықтырылды.
Қыркүйек айында жекелеген учаскелерде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл ретте көптеген бағыттарда өткізу қабілеті сақталады немесе ұлғаяды.
Экспорттық тасымалдарды қамтамасыз ету үшін жекелеген бағыттарда тарифтік талаптарды төмендету қолданылуда. Өзбекстан аумағы бойынша Келес – Галаба учаскесінде тасымалдау көлеміне байланысты 30% - дан 50% - ға дейін жеңілдік беріледі. Келес – Ходжадавлет және Қарақалпақстан – Галаба учаскелерінде тиісінше 60% және 40% жеңілдіктер қолданылады.
Түркіменстан аумағы бойынша маршрутқа байланысты 30% - дан 50% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Кигаш – Самур бағытында Ресей аумағы бойынша 40% жеңілдік, Калининград темір жолының қатысуымен тасымалдау кезінде 20% жеңілдік қолданылады.
Отырыс барысында қатысушылар тасымалдауды ұйымдастыру, фитосанитариялық бақылаудан өту және экспорттық бағыттар бойынша астықты әкету мәселелерін қарады. ҚТЖ өкілдері жүк жөнелтушілер мен экспорттаушылардың сұрақтарына жауап берді.
➖➖➖
Зерновой штаб КТЖ обсудил в Костанае и Кокшетау вывоз нового урожая
Выездные заседания Зернового штаба КТЖ прошли в Костанае и Кокшетау. В них приняли участие грузоотправители, трейдеры и экспортеры, представители АО «Астык Транс», акиматов, транспортной прокуратуры и фитосанитарных служб Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан. Участники обсудили объемы погрузки, экспортные маршруты, наличие вагонов и организацию вывоза зерна нового урожая.
За январь – август 2026 г. по сети КТЖ перевезено 9,3 млн тонн зерна – на 13% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Экспорт вырос на 14%, до 7,2 млн тонн, внутриреспубликанские перевозки – на 8%, до 2,1 млн тонн. В августе установлен рекордный месячный объем – 1,2 млн тонн, что на 35% больше августа 2025 года.
Акмолинская область лидирует по объемам погрузки нового урожая. С начала августа здесь отгружено порядка 520 тыс. тонн зерна. Это 31% от общего объема погрузки по стране за этот период – 1,7 млн тонн.
Из Акмолинской области 409 тыс. тонн зерна направлено на экспорт, 111 тыс. тонн – во внутриреспубликанском сообщении. Таким образом, около 79% отгруженного зерна отправляется на внешние рынки.
С начала зернового сезона из области отправлено порядка 80 маршрутных составов. Маршрутная отправка позволяет сократить время следования зерна за счет движения до станции назначения без переработки на технических станциях и тем самым быстрее высвободить вагоны для следующей погрузки.
Костанайская область также входит в число крупнейших зерновых регионов страны. За восемь месяцев здесь погружено более 1,8 млн тонн зерна. На экспорт отправлено свыше 1,4 млн тонн, во внутриреспубликанском сообщении – 405,5 тыс. тонн.
Основным экспортным направлением остается Узбекистан – туда направлено 606,4 тыс. тонн, или 43% экспорта зерна из области. В Россию отправлено 169,6 тыс. тонн, в Афганистан – 135,6 тыс. тонн, в Таджикистан – 133,5 тыс. тонн, в Китай – 84,1 тыс. тонн. Также поставки осуществлялись в Азербайджан, Кыргызстан, Беларусь, Латвию, Эстонию и Туркменистан.
К перевозкам нового урожая КТЖ готово. На сети задействовано около 16 тыс. зерновозов, более 17,8 тыс. крытых вагонов и 1 710 локомотивов. С начала года парк пополнен 169 локомотивами.
В сентябре на отдельных участках продолжаются ремонтные работы. При этом на большинстве направлений пропускная способность сохраняется или увеличивается.
Для обеспечения экспортных перевозок на отдельных направлениях действуют понижающие тарифные условия. По территории Узбекистана на участке Келес – Галаба предоставляется скидка от 30% до 50% в зависимости от объема перевозок. На участках Келес – Ходжадавлет и Каракалпакстан – Галаба действуют скидки 60% и 40% соответственно.
По территории Туркменистана предусмотрены скидки от 30% до 50% в зависимости от маршрута. На направлении Кигаш – Самур по территории России действует скидка 40%, при перевозках с участием Калининградской железной дороги – 20%.
В ходе заседаний участники рассмотрели вопросы организации перевозок, прохождения фитосанитарного контроля и вывоза зерна по экспортным направлениям. Представители КТЖ ответили на вопросы грузоотправителей и экспортеров.