29/12/2025
Аяқталып бара жатқан жиырма жас.
Өткенге бір ой жүгіртіп, мен не білдім, не ұқтым, не түйдім деп анализ жасау әдетке айданып келе жатқан тәрізді. Ал бүгін сол ой жиырма жасым бітіп қаптығойға кеп тұрақтады да, жиырмам қалай өтті менің деген сұрақ көкейге келгенін шимайлай кетейін. Бұл бір шимай да ақырын әдетке айланып бара жатыр ау шамасы...
Көп адамның жиырма жасы оқу мен үйренуге кетсе, менің жиырмам басқаша өткен тәрізді. Сол жиырмада жиырмадай іске азды көпті мөлшерде қолымды сұғып, аузым майланып та жүрдім, бірақ мұрным қанап та шыққан кездер мол екен. Бір қарасаң мен осыны істедім деп көрсетіп мақтанар бір үлкен іс жасамаппын десе де болатын...
Қолдағы дүниеге қарасаң басымда бір үй мен, берекесі бүтін сол үйдегі әйеліммен қызым бар екен, осы тақырып болған жиырмамда жасағанымнан көзге түсері. Әрине бұлар үшін аллаға сансыз шүкірлік етсем аз болатын асылдарым...
Көзге көрінері осылар болғасын көзді жұмғанда не шығар екен дедім де көзімді жұмып бір көрдім. Ооо, ол жақ та қараңғы емес анау мынаудың бәрін бір сүзіп, ары бері сандалғанымнан әжептәуір терең тәжірибе қалып қойған екен. Оны да көріп қайта бір шүкірлік айтып, тәубеме келдім де, еее, жиырмам тым босқа кетпеген екен деген ойға келдім.
Осы ойдан соң қарасам менің жиырмам оқу мен үйренуге кеткен екен. Өмірдің мектебінен тәжірибе атты сабақ алыппын сан алуан. Әрине бұл сабақ өлгенше тоқтамасы анық ау. Алла ұзақ үйренер ғұмыр берсе, сол ғұмырда осы үйренгенді жүйеге айландырып, саналы ғұмыр кешкенге жазса...
Ал енді отырып отызымды осыдан да жақсы тәжірибелер мен жарқын сәттерге толтыруын тілеп бұл бір кішкентай шимайды да бітірейін.